Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа кейіпке енген жағалау – ел игілігінде

0 311

Ел экономикасын өркендетудің тиімді тетігі – туризм саласын дамыту. Бұған егемендік жылдары айрықша ден қойылып келеді. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселені шешуге болатыны да белгілі. Ол үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Қазіргі таңда аталған саланы дамытуға барлық алғышарттар жасалды.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Шетелдік туристердің 90 пайызына жуығы көршілес ТМД елдеріне тиесілі. Алыс шетелден келетін туристер әзірге аз. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, саяхатшылардың 70 пайыздан астамы ұшақпен 4 сағат айналасында жететін демалыс орындарына барғанды жөн көреді. Демек, Қытай, Үндістан, Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінен келетін туристер үшін Қазақстан өте тартымды болуы мүмкін. Бұл ретте шетелдік туристердің ұлттық менталитетімен, олардың мүддесімен және сұраныстарымен санасып, өзіндік ерекшеліктерін ескерген жөн. Бүкіл туриске бір бағдарлама ұсынуға болмайды. Ол үшін жоғары білікті мамандар керек және сапалы жұмыс істеу қажет. Алдағы бес жылда елімізге келетін туристер санын екі есе, тіпті үш есе арттыруға мүмкіндігіміз бар», – деп нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Туризмнің түтінін тік ұшыру мақсатында Тараз қаласында да атқарылып жатқан оңды істер жетерлік.
Көне шаһардың келбетін жақсартып, туризм орталығына айналдыру мақсатында былтыр «Зербұлақ» демалыс кешені ашылған болатын. 2000 адамға шақталған кешенде түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар орнатылған еді. Сонымен қатар Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын аталған кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар да іске қосылмақ.
Енді күні кеше аталған жағалаудың екінші кезеңі іске қосылды. Атап айтсақ, иесіз бос жатқан жердің 6 гектарына халыққа тиімді бағада әрі таза жаңа су айдыны (жағалау) ашылды.
Салтанатты шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
Осы орайда айта кетерлігі, жағалауға кіру құны ересек адамдар үшін 1 000 теңгені құраса, бір отбасы үшін 16 жасқа дейінгі 2 балаға кіру тегін. Осылайша жағалау шаһардың шырайын арттырып қана қоймай, тұрғындардың сейілдейтін таптырмас орнына айналары сөзсіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.