Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын жеделдету қажет

0 650

Жылу желілерін жаңғырту бүгінде еліміздегі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Соған орай «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы «М-1» жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған еді. Аталған жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 19 сәуірінде басталды.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бүгін нысандарға арнайы барып, жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
– Бұл жоба қала тұрғындары үшін өте маңызды. Осы арқылы облыс орталығындағы жылу желілерінің мәселесі түбегейлі шешілмек. Бірақ, құрылыс қарқыны көңіл көншітпейді. Соның салдарынан жұмыстар өте баяу жүріп, белгіленген кестеден кешігуде. Сондай-ақ құрылысы аяқталған кейбір нысандарда жолдарды қалпына келтіру ұмыт қалған. Күні ертең жаңа оқу жылы басталып, балалар мектепке қатынайды. Сол кезде мұның бәрі тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Сондықтан жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектепке апаратын жолдардың барлығын ретке келтіру жұмыстарын толығымен аяқтауға тиіспіз. Бұл кезек күттірмейді, – деген шаһар басшысы жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Қазіргі таңда жоба аясында 4372 метр немесе 95 пайыз лоток және құбыр жүйесіне демонтаждау жұмыстары жүргізілген.

Осы орайда айта кетерлігі, жалпы 6 138 метр жылу құбырының ағымдағы жылы 4602 метр бөлігін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.