Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоспарлы жұмыс өз нәтижесін беруде

0 228

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында қалалық жобалық офис пен қалалық ішкі саясат бөлімі бірқатар жұмыстар атқаруда.

Бағдарламалық мақаланы облыс орталығында жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына арнайы бағыттары мен жобалар аясында 86 іс-шара енгізілді. Қазіргі таңда оның 37 іс-шарасы өткізіліп, онда 14842 адам қамтылды. Сондай-ақ бағдарламалық мақала аясында жалпы 286 іс-шара өткізіліп, оған 57 214 адам қамтылды. Олардың қатарында «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік кездесу, «TARAZ FILM SCHOOL» кино мектебінің түлектеріне сертификат табыстау рәсімі, «Қайсар» көркем фильмінің және «No Limits» деректі киносының тұсаукесер рәсімі, «Сіз оқуға тиіс әлемдік 100 кітап» әдебиет аллеясы, «Қазақстандағы тарихи орындар» атты кітап көрмесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы З.Габидуллинаның демеушілігімен жүзеге асырылған балалар аула алаңшасының ашылуы, «Жамбылым қандай тамаша» атты концерттік бағдарламалар бар.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелері және ашық аспан астындағы «Көне Тараз» археологиялық музейі туралы 4 бейнеролик, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 1 бейнеролик және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының бірінші кезеңінің жеңімпазы З.Габидуллина туралы 1 бейнеролик әзірленіп, жергілікті телеарналарда, ресми сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сондай-ақ «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың QR-кодтары бар тақтайшалар қаладағы 5 кітапханада орналастырылды. «100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақсатында қаладағы орта мектептерде ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айында «Book Dating» кітаптарын танымал тұлғалардың таныстыруы, «Сыйлыққа кітап» атты акция өткізіледі.

Ал «100 жаңа есім» жобасы аясында қаладағы оқу орындарында, мекемелерде қыркүйек-желтоқсан айларында 20 іс-шара өткізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы «Туған жер» жобасы аясында жалпы қаражаты 231,8 теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылды. «Туған жер» жобасы аясында бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерларды ынталандыру, көтермелеу және Отанын дамытуға шақыру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында ағымдағы жылы «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өткізіліп, 7 номинация бойынша («Жыл меценаты» номинациясы – «Таразэнергоорталық» АҚ-ның президенті Б.Мәуленов, «Туған өлке» номинациясы – «Мейірім» медициналық орталығының құрылтайшысы Г.Нұрымова, «Жыл тұлғасы» номинациясы – «Агроспецстрой» мекемесінің директоры М.Рахымбердиев, «Жүректен жүрекке» номинациясы – жеке кәсіпкер М.Лештаева, «Батыл жүрек» номинациясы – Тараз қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Заурбек, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері Н.Әбілдаев, «Ерен еріктілік» номинациясы – «Жасыл Ел» еңбек жасағының белсендісі, волонтер М.Генжемұратова) Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айында қала әкімінің орынбасары К.Олжабайдың төрағалығымен Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес отырысы өткізіліп, атқарылған жұмыстар қаралып, бөлім басшылары мен қалалық офис қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын ақпараттық қолдау жөніндегі медиа-жоспар бекітіліп, қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 67 мақала жарияланды.

Ақпараттық агенттіктерде («AQJOL AQPARAT», «77 News», «ZhambylNews», «Turaninfo.kz», «ec-sport.kz») – 81, ресми сайттарда – 42, әлеуметтік желілерде («Facebook», «Vkontakte», «Instagram», т.б.) 52 материал орналастырылды. Жергілікті телеарналарда 59 бейнесюжет көрсетілді.
Қаланың орталық көшелерінде 17 баннер, 1 пилон, 1 брендмауэр, 2 арка, 64 жалауша, 8 лайтбокс орналастырылған. Білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 67 баннер, 161 стенд, 339 бұрыш және 12 «Рухани жаңғыру» кабинеттері бар.

Ұлана СЛАМБЕКОВА,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.