Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі назардан тыс қалмайды

0 454

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты.

Тұжырымдама негізінде билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Міне, Жолдау жүктеген міндетті мінсіз орындау мақсатында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен тұрақты түрде қабылдауда. Кеше шаһар басшысы бұқараның тағы бір легіне қоғамдық қабылдау өткізіп, олардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.
Қабылдауға келген тұрғындардың дені жер телімін жекешелендіру, тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдармен қайырылды. Сонымен қатар жер кезегі, көше жарығы, тас жол салу, ойын алаңшаларының санын көбейту сынды көкейлерінде жүрген ойларын ортаға салды.
Қала әкімі қабылдауға келген әрбір тұрғынның сауалын мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сондай-ақ әр тұрғынның түйткілдері бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Иә, «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген – осы. Бұқарамен бірге болған басшының жұмысы да жүйесін табатындығы анық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.