Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жас зерттеушілер арасында облыстық байқау өтті

0 374

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жас ұрпақты туған жердің тарихын тану, аудан, ауылдардың әлеуетімен таныстырып, өлкенің туристік имиджін қалыптастыру мақсатында «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте!» облыстық жас зерттеушілер байқауын «Туған өлкем – ғажап, әрі көркем! Туризм табыс көзі» тақырыбында ұйымдастырды.
Байқауға облысымыздың бес ауданынан 14 пен 17 жас аралығындағы жас зерттеушілер туған өңірінің туристтік нысандары туралы зерттеу жүргізіп, толық ақпарат берді.
Байқау материалдары тақырыпқа сай болуы, жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігі, презентация дизайнының деңгейі, тақырыптың жан-жақты ашылуы, өзіндік даралық, жаңашылдық, бірегейлігі мен ерекшелігі бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының құрамындағы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының бас маманы Тулекова Салтанат Таирқызы, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының бөлім басшысы Оразқұлова Айгүл Мейманқұлқызы және Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасының директор орынбасары Тұрлығұлова Жанат Қамшыбекқызы қатысушылардың жұмыстарын жан-жақты зерделеп, жоғары бағаларын берді.
Байқау қорытындысы бойынша Сарысу ауданының қатысушысы Сарсенбай Диас «Тарихы терең, фосфорлы жасыл өлкем!» тақырыбында жобасын жоғары деңгейде қорғап І орынды иеленсе, Жамбыл ауданынан келген Үсенбай Жанел «Жамбыл облысының туристік-рекреациялық мүмкінщіліктері және өлкетану жұмыстары» жобасын қорғап, ІІ орын алды. Ал Байзақ ауданының үміткері Егемберді Нұршат «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте!» жобасын жоғары деңгейде ұсынып, ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, естелікке бағалы сыйлықтар алды.
Байқау соңында қонақтарға «Туған жер – тұнған тарих» кітап көрмесіне шолу жасалып, туған жер туралы әндер орындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.