Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көпбалалы аналар – құрмет құшағында

0 341
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті.
Жиында әуелі шаһар басшысы сөз алып, ізгі тілегін жеткізді.
– Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше екпін түсіріліп, барынша назар аударылды. Соның арқасында халық саны бүгінде 20 миллионға жетіп, демографиялық дүмпуге қол жеткізіп келеміз.
Бүгінгі күні Тараз қаласы тұрғындарының саны да артып, 430 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйелдер қауымының орны биікте екенін айғақтайды.
Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір көрінісі, – деген Бақытжан Әмірбекұлы 4 анаға «Алтын», 13 анаға «Күміс» алқа табыстады.
Аналар да өз кезегінде шаһар басшысына шынайы ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын» және 2 516 ана «Күміс» алқамен марапатталған.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.