Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік – ел тірегі» атты этнокеш өтті.
«МART» ойын-сауық орталығында өткен шараға №33, №39, №54, №19, №19, №32, №38, №64, №34 мектептер мен қалалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері қатысып, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттады. Сондай-ақ кеште «Шабыт», «Веснушки» ансамбльдері ән мен биден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында жиналған қауымға «Достық – шырағымыз» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Бақыткүл Ауғанбаева,
Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі