Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарқын жоба жемісін беруде

0 285

Облысымызда «Мейірім» жобасы 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі тұжырымдамасы – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар және бизнес өкілдері тарапынан көмек беру. Сондай-ақ жоба бірнеше мақсатты көздейді. Олар: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй және басқа да әлеуметтік кепілдіктерді алудағы құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, «Отбасы банкі» АҚ-дағы балалардың есеп-шотын толықтыру үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге қайырымдылық ұйымдардың, меценаттардың, қоғамның назарын аудару және бекітілген демеушілердің тарапынан балаларға өз жылулықтарын көрсету және мейірімдерін бөлу.
Жұмыс алгоритмі:
– Тараз қаласы мен аудан, округ әкімдері өзіне қарасты аймақта осы топтағы балалардың нақты санын білу, тыныс-тіршілігімен таныс болу;
– тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада белгіленген тәртіппен пәтер алуын қадағалау (комиссияда қаралуын, квотаға сәйкес пәтер бөлінуін қамтамасыз ету);
– жоба аясында бекітілген демеушілер тарапынан есеп-шоттарына мерзімді қаражат аударылуын, отбасы құрған жағдайда әлеуметтік қолдауды жалғастыруды, оқуын аяқтаған жағдайда жұмыспен қамтылуын қадағалау.
Бүгінгі күні қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын білім бөлімінің секторы арқылы тәрбиелеуге берілген балалар саны 429-ды құрайды. Оның ішінде қамқоршылық және қорғаншылықтағы балалар саны (0-13, 14-18 жас аралығы) – 343, патронаттық тәрбиеде (0-18 жас аралығы) – 75, 2 қабылдаушы отбасында (0-18 жас аралығы) – 4, 2 отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде (0-18 жас аралығы) 7 бала бар.
Нәтижесінде, «Отбасы банкінде» ашылған 429 баланың есеп-шоттарына 2020-2024 жылдар аралығында 12 миллион 134 мың 564 теңге қаражат түскен.

Раушан ҚОЖАМЖАРОВА,
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.