Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауызбіршілігіміз нығая берсін!

0 220

Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді еліміздің бірлігі мен татулығы жарасқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашанда арта бермек. Досқа адалдық, бауырласқа мейірбандық танытып, бейбіт өміріміздің негізі қалануда.
Бірлігі бекем елдің – іргесі мықты, болашағы нұрлы. Біздің тілегіміз – бір, мақсатымыз – айқын.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, бұл жетістікті бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбіріміздің міндетіміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақстанда тұратын барлық этнос шын мәнінде бір ұлт саналады», – деп атап өткен болатын.
Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, татулық пен бірлігіміз бекем болсын деп тілеймін. Алға қойған арман-мақсаттарға ауызбіршілікпен жете берейік!

Абдурахман Зайнутдинов,
Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.