Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қариялар — асыл қазынамыз!

Мойынқұм ауданында Жеңіс күніне орай тыл және еңбек ардагерлері ұлықталды

0 654

Бүгін Мойынқұм ауданында Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аудандағы тыл ардагерлері үйіне мекеме басшылары мен ұжымдар мерекемен құттықтау шараларын жүргізді. Осындай тыл ардагерінің бірі 1937 жылы өмірге келген Мойынқұмдық Исабекова Пойызкүл апамыздың уйіне мерекемен арнайы құттықтап аудан әкімінің орынбасары, М. Тулеулиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж. Көдеков арнайы барып ақ орамалы мен қамзолын жауып, ақжаулықты әженің батасын алып қайтты. Пойызкүл апамыз сол бір жылдары ауылдағы қаршадай небәрі 7-8 жасар қыз балалар егіс басында болып, бидай менен жүгеріні торғайдан қорып, үйде жүннен нәски тоқып соғысқа жолдап отырғандары жайлы әңгімеледі. Тек жүгері ұнынан піскен нан жейтіндерін ауыр күрсіне отырып айтты. Сол бір ауыр заман енді қайтып келмеуін айтып, елімізге бейбіт заман тіледі, және де осы ұжым Жамбыл ауылында 80 жас мерейлі туған күні болып жатқан Еңбек ардагері Б.Блаовты құттықтап арнайы барып қайтты. Өмірін мал бағуға арнаған Бердіғұл қарияның үйіндегі Шакен апа өмір бақи жанында сауыншы және шопанның көмекшісі болып жұмыс атқарға. 11 баланы тәрбиелеген отбасынан бүгінде 40 жуық немере, 20 жуық шөбере тарап отырған үлкен мерейлі отбасы. Бердіғұл қария әлі де малға өзі қарап бас көз болып жүргенін айтып, еңбек түбі береке деді. 80 асқан қария келген меймандарға алғысын білдіріп батасын берді.

Мойынқұм ауылы
Д.Аманқұлов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.