Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

0 1  411

Бүгін облыстық қор филиалы директорының орынбасары Ғайни Аймағанбетова мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл ауданына барып, ондағы барлық мекемелер қызметкерлерімен (есепшілер, статистер т б), әлеуметтік бөлім басшыларымен және басқа да халықты сақтандыруға жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аудан қызметкерлеріне МӘМС жүйесіне енген өзгерістер мен жарнаға қатысты ақпараттық жұмыстарын жүргізіп, кепілдендірілген медициналық көмек жөнінде толық ақпарат беріп, бұл бағыттағы олардың түсінбеген сұрақтарына жауап берді.

Жамбыл ауданы бойынша 2023 жылдың қараша айындағы соңғы тізіміне сәйкес 18 338 сақтандырылмаған анықталған, 2024 жылдың басында 19 195 азамат анықталып, 857 азаматқа өсім көрсеткен.

Жұмысшы топ жұмысқа орналастырылған, бірақ сақтандырылмаған азаматтарды тіркеу жолдарын, ай сайын цифрлық отбасылық карта мәліметтеріне мониторинг жүргізу және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау тәсілдерін айтып, халықты тіркеу бойынша алдағы уақытта атқарылар міндеттер легін белгілеп, ауданның бас дәрігері С. Чинибековтің баяндамасына сай, сақтандырылмағандарды тарту жөнінде ұсыныстар айтты.

Кездесуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Ғаини Аймағанбетова тегін медициналық көмек көрсету жүйесі кеңінен баяндады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.