Бүгінде еліміздің бірқатар өңірін су басып, жұртшылықты әбігерге салып отыр. Қаншама адам баспанасыз қалып, мал-мүлкінен айырылды. Бұл кез келгенді бейжай қалдырмайтын ауыр жағдай. Мұндай сәтте жұртшылықтың ынтымағы аса маңызды.
Халық біріксе, алынбайтын қамал жоқ. Бұл сөзіме елдің басынан өткен түрлі қиын жағдайлар дәлел. Қай кезде де халық болып, ел болып қиындықтарды еңсергенбіз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Үндеуінде дәл осыны тілге тиек етті. Ол жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсеретінімізді, барлығы қалпына келтірілетінін айтты. Сонымен қатар ең бастысы – азаматтардың амандығы екен ескертті. Қарғын судан зардап шеккен азаматтарды мемлекет ескерусіз қалдырмайды. Бұл жағдайлар ел билігінде төтенше жағдайларға жауапты арнайы қызметте отырғандарға да, басқаларға да сабақ болары сөзсіз. Президент Үндеуінен түйгенім – осы.
Ибрагим ЗУФАРОВ,
«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ
Жамбыл облыстық филиалының басқарма мүшесі