Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмайды

0 507
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар су құбыры, жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, арық жүйесін орнату, асфальт төсеу, ойын алаңшасын салу, көпқабатты үй ауласындағы автотұрақты жүйелеу мәселесі туралы сауалдар қойды. Сонымен қатар, ретсіз ағаштарды кесу және көше жарығы жөнінде мәселелерді көтерді.
Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатынын айтты. Сонымен қатар азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.