Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қажетті тауарлар қолжетімді бағада саудаланды

0 425

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы «Жастар» аллеясының алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жәрмеңкені аралап, тауар өндірушілермен тілдесті.
Аталған жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары жеткізілген.
Сауда-саттық шарасында жалпы құны 28,5 миллион теңгені құрайтын 46,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 9,6 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық, 5,0 тонна сүт, 7 мың дана жұмыртқа, 0,6 тонна кондитерлік, 4,4 тонна макарон, 0,5 тонна тұз, 0,7 тонна балық, 7,0 тонна ұн, 1,6 тонна бал және 14,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайызға төмен болды.
Мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.