Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер қатынастары жүйелі реттелуде

0 414

Қазіргі таңда Тараз қаласы тұрғындарының саны артып келеді. Соған сәйкес, жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтардың да қатары көбеюде. Сондықтан шаһар тұрғындарының кезегімен жер алуын ұйымдастыру – аса жауапты әрі маңызды іс. Бұл ретте Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан жүйелі жұмыстар қолға алынуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында игерусіз жатқан жерлердің жайына кеңінен тоқталған еді. Әсіресе бос жерлерді индустрияны игілендіру мақсатына пайдалану қажет екенін нықтап айтқан болатын.
«Өнім өндіру үшін ең алдымен жер керек. Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық», – деген Президент жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету керек екенін айтқан еді.
Бұл ретте өткен жылы Тараз қаласы аумағында орналасқан 32 461 жер учаскесін есепке алу жұмыстарының нәтижесінде, жалпы көлемі 2003,16 гектарды құрайтын өндірістік құрылыс алаңы үшін 485 жер учаскесі бар екені анықталды.
Жалпы облыс орталығында көлемі 6565,56 гектар болатын жекеменшік құқығындағы 28 679 тұрғын үй бар. Сондай-ақ көлемі 791,96 гектарды құрайтын кәсіпкерлік нысандардың 2 062 жер учаскесі, жалпы көлемі 264,52 гектар болатын құрылысы бар 2 559 заңдастырылмаған жер учаскесі, көлемі 0,13 гектар 16 нысаналы мақсатына сәйкес емес пайдаланып отырған жер учаскесі, жалпы көлемі 181,2 гектар құрайтын 257 бос жер учаскесі және жалпы көлемі 89,5 гектар құрайтын заңсыз қосымша пайдаланып отырған 1 541 жер учаскесі анықталды.
Алдағы уақытта бос жатқан жер учаскелерді жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысына жинақталып тапсыру жоспарланған.
Нысаналы мақсатына сәйкес емес пайдаланып отырған 16 жер учаскесі және заңсыз қосымша пайдаланып отырған 1 541 жер учаскесі бойынша мәлімет жинақталып, бөлім тарапынан «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жолданады.
Жер – халықтың мұрасы, асыл қазынасы. Қасиетті қара жерді тиімді пайдалану – азаматтық парыз. Ал игерілмей жатқан жер мемлекет еншісіне өтуі тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз үлестірілген және пайдаланылмай бос жатқан 10 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Үкімет бұл тапсырманы 2022-2023 жылдары толық орындады. Бүгінде елдің стратегиялық ресурсын ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттер кешенін іске асыру жалғастырылып жатыр. Жамбылда Президент тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асып келеді. Мәселен, былтыр өңірімізде пайдаланылмай жатқан 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тапсырма тиісті деңгейде орындалған. Бұл алқаптар бұған дейін 530 тұлғаның иелігінде болған. Мемлекет меншігіне өткен 41 860,7 гектары Мойынқұм ауданынан, 31 591,6 гектары Сарысу ауданынан қайтарылса, одан кейінгі жер алқаптары Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай, Талас және Шу аудандарына тиесілі. Ал биыл облыста шамамен 80 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарлануда.
Аталған бағыттағы жұмыстар көне шаһарда да жалғасын тауып отыр. Айтар болсақ, өткен жылы Тараз қаласының аумағына енген «Элеватор (А.Асқаров көшесі соңы), 312 гектар», «Қарасай, 126,6 гектар», «Хамукат, 126 гектар» алқаптарында тұрғын алқабын орналастыру мақсатында 17 шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару үшін Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №1036 қаулысы қабылданған.
Қазіргі таңда А.Асқаров көшесінің соңында көлемі 19,8 гектар 9 жер учаскесі, «Қарасай» алқабында 19,6 гектар 4 жер учаскесі, «Хамукат» алқабында 9,9 гектар 3 жеке және көлемі 80,1 гектар 1 мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылға жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен қайтару жұмыстарына бюджет қаражаты есебінен 386,6 млн теңге бөлініп, бүгінде 41,57 гектар құрайтын 7 жер учаскесі 190,3 млн теңгеге «Элеваторда» – 3, «Қарасайда» – 2, «Казарма» алқабында 2 жер телімі қайтарылды. Сонымен қатар 2022 жылғы сот шешімі негізінде А.Асқаров көшесінде орналасқан көлемі 0,74 гектар 1 жер теліміне 9,1 млн теңге қаражат төленді. 2023 жылы игерілген сома 112,4 млн теңгені құрады.
А.Асқаров көшесінің соңындағы 8 жер теліміне тәуелсіз бағалаушы «Asia Consalting» ЖШС қайта бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағалау туралы есебіне сәйкес, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ұсыныс пен келісімшарт жобалары жолданды. Жер пайдаланушылардан келісім алынбауына байланысты құжаттары сотқа жолданды. Қазіргі таңда 2 талап-арыз бойынша А.Асқаров көшесінің соңындағы 11 гектар жер учаскесі сот шешімі негізінде 60,1 млн теңгеге және көлемі 5 гектар 1 жер учаскесі 22,5 млн теңгеге келісімшарт негізінде мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар 1 жер телімі бойынша құжаттары толық емес болуына байланысты бағалау жұмыстары толық аяқталған жоқ. Қазіргі таңда А.Асқаров көшесі соңында қалған 3,7 гектар 6 жер телімін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
«Хамукат» алқабында 9,9 гектар 3 жер теліміне тәуелсіз бағалаушы «Asia Consalting» ЖШС қайта бағалау жұмыстарын жүргізіп, бағалау туралы есебіне сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ұсыныс пен келісімшарт жобалары жолданды. Меншік иелерінен келісім алынбауына байланысты құжаттары сотқа жіберілді. Сонымен қатар мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша келісім-сөздер облыстық деңгейде жүргізілуде.
«Қарасай» алқабындағы 4 жер теліміне қайта бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағалау туралы есебіне сәйкес, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ұсыныс пен келісімшарт жобалары берілді. 2 жер телімі бойынша меншік иесіненкелісім алынбауына байланысты құжаттары сотқа жолдануда. Көлемі 4,5 гектар 2 жер пайдаланушы келісімі негізінде 20,7 млн теңге қаражат аударылып, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Қазіргі таңда «Қарасай» алқабында қалған 15,1 гектар 2 жер телімін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Жер учаскелері бойынша мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша барлық тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Облыс орталығында халық санының артуымен көлік қозғалысының көбейетіні түсінікті. Бұл мәселе көпшілікті толғандырып тұрғаны даусыз. Сол себепті теміржолдың арғы жағындағы аумақ тұрғындары мен орталықты байланыстыру мақсатында жол өткелі салынады.
Өткел жол салудың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Өткен жылы Абай даңғылының бойынан екі өткел жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу керек болды. Құжаттарды дайындау, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін жергілікті қазынадан қажетті қаражат қарастырылып, конкурс нәтижесіне сәйкес «ДӘН-Қо» ЖШС жобалаушы болып анықталып, келісімшарт жасалды.
Тараздықтар ұзақ уақыт күткен көпірдің ұзындығы бір шақырымға жетеғабыл. Ал ені 17 метрді құрайды. Тиісті құжаттар толық әзірленгеннен кейін де атқарылатын жұмыс аз емес. Нақтырақ айтсақ, Абай даңғылының аяқ тұсындағы 60-тан астам нысанды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіледі. Оның қырықтан астамы жеке тұрғын үй болса, жиырмадан астамы бизнес нысандары. Жоспардағы жұмыс ойдағыдай жүзеге асса, көпір құрылысы осы жылдың екінші жартысында басталмақ.
Көпір салу оңай шаруа емес. Қолға алынған жұмыс «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 62-бабының 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жүргізіледі. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырмасымен көпірді жобалаушы «ДӘН-Қо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет мұқтажы үшін қайтаруға қажетті жер учаскелерінің көлемдері нақты-ланып, анықталды. Нәтижесінде, барлығы 61 нысан, оның ішінде 42 жеке тұрғын үй, 17 кәсіпкерлік нысан және 2 мемлекеттік жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға жатады.
«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары меншік иелерінен жер учаскелерін бір бөліктерін немесе толықтай мемлекет мұқтажына қайтаратыны туралы сауалнама алынды. Бүгінгі таңда мемлекет мұқтажы үшін қажетті 56 жер учаскелеріне қатысты Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 9 және 22 қарашадағы №4358, 4452, 2024 жылғы 10 қаңтардағы №37 қаулылары қабылданып, жер учаскелері және өзге де жылжымайтын мүліктерге тәуелсіз бағалау жұмыстарын жүргізуге тәуелсіз бағалаушыға құжаттары жолданды. Қалған 5 жер учаскелерінің иелері мүліктерін мұрагерлікке қабылдау және заңдастыру жұмыстарын жүргізуде.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес, жеңімпаз «Calderon» ЖШС мен «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ арасында 68 нысанды бағалау туралы 2023 жылғы 24 қарашадағы №62 шарты жасалды.
Бүгінгі таңда 37 нысанды, оның ішінде 28 жеке тұрғын үй, 9 кәсіпкерлік нысан бағалау нәтижесіне сай мемлекетке қайтару үшін 1,5 млрд теңге қаражатты қажет етеді. Бағалау жұмыстары жүргізілмеген 14 жеке тұрғын үй мен 8 кәсіпкерлік нысанды мемлекетке қайтару үшін қаражат шамамен 2 млрд теңгені құрайды. 59 нысанды мемлекетке қайтаруға барлығы шамамен 3,5 млрд теңге қаражат қажет.
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелер жалпы тізбедегі тәртіпті сақтай отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері дайын болған кезде беріледі. Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте 121 123 азамат тіркелген. Оның ішінде 2005 жылы 1 185 азамат есепке тұрса, 2006 жылы 11 509 азамат өтініш білдірген.
Жер беру мәселесін реттеу мақсатында 2022 жылдың наурыз айынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арнайы кезек Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры жүйесіне енгізілген еді. Аталған жүйеде 2005-2009 жылдар аралығында жер кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтері толық емес. Осыған байланысты 2023 жылдың ақпан айынан бастап жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімін өзектендіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылдың ақпан айынан бастап 2023 жылдың аяғына дейін 3 645 азаматтардың мәліметтері өзектендіріліп, жүйеге енгізілген. Жыл басынан бастап кезекте тұрған 256 азаматқа жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері берілген.
Мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Сатуға арналған жер учаскесі жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан, сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылданғаннан, сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Сауда-саттық ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде әрекет етуші мамандандырылған ұйым өкілдік етеді. Жер учаскесінің меншік иесі сауда-саттықты өткізу нысанын, сауда-саттық нысанасының бастапқы бағасын және кепілақы сомасын белгілейді.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу, оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу тәртібін орталық уәкілетті орган айқындайды.
Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес, Тараз қаласы бойынша мемлекеттік меншіктегі кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін сату бойынша аукцион Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық түрде өткізілуде.
Өткен жылдың жоспары бойынша 6 аукцион өткізілу жоспарланған. Жыл соңына дейін 7 аукцион өткізілді.2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жергілікті бюджетке жерді жеке меншікке сату жәнежер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру 303101 коды бойынша орындалғаны – 804 160,3 мың теңге, 303202 коды бойынша орындалғаны – 269 420, 3 мың теңге.
Мемлекет басшысы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік органдар тарапынан барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен болатын. Осы мақсатта жұмыс жүргізіп келе жатқан бөлім Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, жер қатынастары саласында 9 бағыт бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Нәтижесінде, өткен жыл көлемінде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 12 986-ны құрады.Оның iшiнде 12 264 өтініш «eGov» және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде, 722 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.
Жыл басынан бастап жер мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардан «Е-өтініш» жүйесіне 4602 өтініш келіп түскен, оның ішінде 4 440-ы қаралып, мерзімдеріне сәйкес жауап берілген.
Сонымен қатар бөлімнің «Сервистік әкімдік» кеңсесі арқылы жер қатынастары мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады. Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қолжетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратты стенд орналастырылған.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтердің қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында, Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің парақшасындағы «Мемлекеттiк қызметтер» тарауында орналастырылған.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заман талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.
Сонымен қатар көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер бойынша хабарландырулар, тікелей эфирлер өлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларында үнемі жариялануда.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.