Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ербол Қарашөкеев пәкістандық бизнес өкілдерімен кездесті

0 413

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Пакістан Ислам Республикасының Лахор қаласындағы Құрметті Консулы және «Habib Syndicate» бас директоры Рао Халид Махмудпен және «Green Earth Recycling» ЖШС директоры Зафар Жаведпен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында пластмассаны қайта өңдеу, құс фабрикасын салу бойынша өзара тиімді жобаларды іске асыру бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.

Аймақ басшысы аграрлық-индустриялық өңір саналатын облыстың оң көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып өтті.

Екі елдің маңызды сауда серіктестігін ескере отырып, Халид Махмуд Пәкістан бизнесі Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, Лахор қаласында «Қазақстан үйінің» ашылуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және екі ел халықтарының жақындасуына оң әсер еткен.

Ербол Қарашөкеев облыс басшылығы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға және қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.