Қалалық қоғамдық-саяси газет

Командир сарбаздарды орындықпен ұрып, тісін қағып алған

0 965

25744″ әскери бөлімінің командирі әскерге шақырылғандарды таяқпен төмпештеген. Командирге қатысты «билігін асыра пайдаланды» деген айыппен қылмыстық іс те қозғалған. Дегенмен сарбаздар командирге кешірім беріпті.

2-шабуылдаушы батальон миномет батареясының 1 взвод командирі қол астындағы сарбаздарды бірнеше рет ұрып-соққан. Жаңадан келген бір топ әскериді сапқа тұрғызып, бірінен өз тегін сұрап, басынан ағаш сойылмен ұрып жіберген. Алайда сарбаз командирдің тегін қате айтқаны үшін соққының астында қалыпты.

Бұл командирдің алғашқы соққысы болмаған. Мұндағы сарбаздар да зәбір көрген. Тергеу ол мұны өзінің өктемдігін көрсету үшін жасады деген қорытындыға келді.

Жұдырық ала жүгірген командир жасаққа кешігіп келген сарбазды да аямаған. Оның бетінен жұдырықпен ұрып, артынша оның басынан орындықпен бірнеше рет ұрған. Ол ұруына себеп – қатардағы жауынгер жаттығу кезінде балағат сөздер айтқаны делінген. Аяусыз соққылардан кейін жігіт басын жауып, қорғанған. Бірақ командир мұнымен тоқтамай, сарбазды тепкілеп тастаған. Одан бөлек, командирдің жұдырығынан бір жауынгер тісін сындырған.

Басылымның хабарлауынша, тараптардың татуласуы туралы арыз жазылған. Айыпталушының өзі де сотта өз кінәсін мойындайтынын және жәбірленушілермен татуласуға келісетіні айтылды.

Соның нәтижесінде Ақтөбе гарнизонының әскери соты тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартқаны хабарланды.

adyrna.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.