Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздықтар ұлттық киімді ұлықтады

0 287

Биылдан бастап 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды. Онкүндіктің бесінші күні ұлттық киімге арналды. Айтулы күнді тараздықтар айрықша сән-салтанатымен атап өтті.

Мерекеге орай «Көне Тараз» кешенінде «Ұлттық киім трендте» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында ардагерлер, жастар, волонтерлар мен қолөнершілер – жалпы саны 100-ден аса адам ұлттық нақыштағы киім киіп, шаһарды думанға бөледі.
Олар Төле би даңғылынан бастап орталық көшелерді жүріп өтіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Сондай-ақ іс-шара аясында ұлттық киімдер туралы викториналық сұрақтар қойылып, құрт, ірімшік, бауырсақ, жент секілді қазақи дәмдерден базарлықтар таратылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.