Сербия астанасы Белградта өткен Бранко Пешичті еске аулға арналған бокстан халықаралық турнирі аяқталды.
Бұл жарыста қазақстандық боксшылар 4 алтын және төрт күміс жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.
Финалға дейін сегіз қазақстандық боксшы жетіп: төртеуі қарсыластарын жеңді де, төртеуі жеңілді.
Алтын алғандар:
Ернұр Қайрат (48 кг);
Санжар Тәшкенбай (51 кг);
Дәулет Молдашев (54 кг);
Диас Молжігітов (75 кг).
Күміс жүлдегер атанғандар:
Сабыржан Аққалықов (71 кг);
Ерасыл Жәкпеков (80 кг);
Данияр Рахымбердинов (92 кг);
Олжас Боқаев (92 келіден аса).
Финалдағы айқастар мынадай болды:
Ернұр Қайрат — Ради Йоксимович (Сербия) — 5:0;
Санжар Тәшкенбай — Омер Аметович (Сербия) — 5:0;
Дәулет Молдашев — Вербан Габор (Венгрия) — 3:2;
Сабыржан Аққалықов — Сергей Колденков (Ресей) — 2:3;
Диас Молжігітов — Альмир Мемич (Сербия) — 3:2;
Ерасыл Жәкпеков — Габриэль Веочич (Хорватия) — 1:4;
Данияр Рахымбердинов — Рамазан Дадаев (Ресей) — 0:5;
Олжас Боқаев — Владан Бабич (Сербия) — 0:4.