Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жариялады. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталған.
«Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментім іздеуге жарияланған болатын», – деп жазылған хабарламада.
Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.