Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұмыт болған оюлар ұлықталды

0 794

Биыл жаңаша сипат алған әз Наурыз мерекесіне орай Таразда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шаралардың легі «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар әлемі фестивалімен жалғасты.

Әуелі жиналған қауым қолөнершілердің туындылары орналастырылған көрмені тамашалады.

Жалпы, қазақ халқының ою-өрнек өнері – әлімсақтан бері халқымызбен жасасып келеді. Сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани танымымен де астасып жатыр. Ою-өрнек – қазақ елінің мәдени дамуының шежіресі. Оның көне атауы – халықтың тарихы мен мәдениетін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын сипаттайды. Алайда, қазіргі жаһандану дәуірінде біздің қазақы ою-өрнегіміздің біршама түрі ұмытылып барады. Сондықтан өскелең ұрпақ қазақтың осы баға жетпес құндылығының маңызын түсініп, санасына тоқуы қажет. Осыны жете түсінген фестиваль қатысушылары ұмыт болған ұлттық құндылығымызды ұлықтап, келешек буынның санасына сәуле ұялата білді.

Шара соңында Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева ізгі тілегін жеткізіп, фестиваль жеңімпаздарына арнайы марапаттарды табыстады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.