Мавлюда Бокаева,
«Аритмологическая клиника» ЖШС
медициналық орталығы директорының медициналық
бөлім бойынша орынбасары
Денсаулық сақтау министрлігі Қормен бірге жекеменшік емханалармен аруханаларды жүйеге тарту және олардың қызмет аясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуге басымдық берді. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар медициналық көмектің қолжетімділік деңгейін артып келеді. Тағы бір мысал, емханалық және стационарлық қызмет көрсетуге тарифтер шамамен 2014 жылдан бері өскен жоқ. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер қымбаттады, жалақы өсті. МӘМС жүйесін енгізген кезде бұл проблемалардың барлығы ескерілді, казіргі таңда шешімін тапты.
ТОО «Аритмологическая клиника» ЖШС Жамбыл облысының халқына сапалы қызмет көрсетіп отырған медициналық орталық. Мекеме өзінің даму жолында жаңа емдеу технологиялары мен диагностикалау әдістеріне көңіл бөліп, сол технологияларды енгізу мақсатында елеулі жұмыс атқарып келеді. Заманауи технологияларға қажет құрал-жабдықтар мен медициналық аппараттарды алу, сондай-ақ өз деңгейімізде білікті мамандарды дайындау, жұмысқа сырттан жаңа техногияларды игерген тәжірибелі мамандарды шақырту сияқты негізі күрделі мәселерді тез ара шешу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Клиникада 2021 жылдың қантар айынан бастап интервенциялық кардиология мен кардиохирургиялық бағыты даму қолға алынды. Ал даму бағыттарымыздың бірі кардиологиядағы аритмология саласы. Бүгінде біздің орталық науқастарға МӘМС есебінен ақысыз медициналық көмек көрсетеді. Сондай ақ, 2023 жылы біздің клиникада 505 науқас емделіп шықты, оның ішінде қаңтар айынан ашылған кардиохирургия бөлімі 144 рет жүрекке заманауи технологиялық кіші инвазиялық операциясын жасады (оның ішінде жүрекалды фибриляциясы кезінде эндоваскулярлық аблация (криоабляция) әдісімен жүректің тіні немесе басқа зақымданған жерінің деструкциясы немесе тілуі, эндоваскулярлық қол жеткізуді пайдалану арқылы жүректің басқа зақымданған жеріне немесе тінін кесу немесе деструкциялау, тұрақты электрокардиостимуляторды енгізу, басқа да түрлері).
Аритмологиялық ауруларымен емделген адам саны 360-тан астам, барлықтарына ем шаралар көрсетіліп (оның ішінде жүрекшелердің тахикардия, қарынша үстілік тахикардия, созылмалы атриальды фибрилляция, жүрек функциясының іркілістік басқа да қан-тамыр аурулармен) отбасыларына аман есен оралды. Клиника заманауи медициналық құралдармен толық жабдықталған.
Аталған қызмет түрлері халық арасында жүрек- қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтып, халықтың өмір сүру жас мерзімін ұзаруына және өмір сапасын арттыруға тікелей септігін тигізіп жатыр. Себебі, бұрынғы кезде жоғарыда аталған көмек түрлері тек республикалық орталықтарда ғана көрсетілетін. Бүгінде аудан, қала халқына қажетті жағдай жасалып жатқаны қуантады. Жалпы, медициналық көмек түрлерін шұғыл және жоспарлы түрде жергілікті жерде жасауға мүмкіндік бар. Бұл бастамаларды ел игілігіне жасалынып жатқан үлкен нәтижелі еңбек.