Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамағат игілігіне – жаңа мешіт

0 271

Ата дініміз Ислам адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға, бір-бірін қадірлеуге үндейді. Ал асыл дінімізге деген құрмет отбасынан, мешіт табалдырығынан басталары белгілі.

Бүгінде Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында халық саны артып келеді. Соған орай жомарт жүректі тұрғындар мен кәсіпкерлердің демеушілігінің арқасында қасиетті Рамазан айына орай сәулеті келіскен еңселі жаңа мешіт жамағат игілігіне берілді.
Имандылық үйінің ашылу рәсімі Құран аяттарын оқумен басталды. Бұдан кейін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков жаңадан бой көтерген мешіттің тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеуде алар орны ерекше екенін атап өтіп, діни ғимараттың халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді.
Салтанатты түрде мешіт лентасы қиылған соң, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Көпшілік жаңа мешітке кіріп, оқылған Құран аяттарын ұйып тыңдады.
Мешіт жамағатымен көрікті. Тұрғындарға есігін айқара ашқан еңселі ғибадат орны Аллаға құлшылық жасап, бес уақыт намазын оқитын, тұрғындардың бірлігі мен ынтымағына қызмет етеріне сенім мол.

Бинура Жақыпбай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.