Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызметтегі бұрымдылар спортта да мықты

0 2  109
Тараз қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық спартакиада өтті. Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа мемлекеттік қызметте жүрген нәзікжандылар қатысты.
Мемлекеттік қызметтегі бұрымдылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыта отырып, достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған спартакиадаға облыс, Тараз қаласы мен аудандардағы мемлекеттік органдардың әйел қызметкерлерінен жасақталған 15 команда, барлығы 217 қызметші қатысты. Спартакиада үстел теннисі, жеңіл атлетика, дартс, секірмек, жүзу, дойбы, армрестлинг және бес асық секілід 8 спорт түрінен өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Байзақ ауданының құрамасы І орынға табан тіресе, ІІ орын – Шу ауданының, ІІІ орын – ҚР ҚМ ҚК Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаментінің командаларына бұйырды. Орын алған командалар кубок, медальдар және дипломдармен марапатталды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.