Бүгін көктемнің алғашқы шуақты мерекесі «Алғыс айту күні» қарсаңында Т. Рысқұлов ауданында тағы екі бағытта қоғамдық көлік қатынасы іске қосылды. Олар «Құлан – Ақыртөбе» және «Құлан – Қорағаты» бағыттары.
Айта кету керек, бұған дейін де «Құлан-Жалпақсаз», «Құлан-Көгершін», «Құлан-Луговой» бағыттары іске қосылған болатын.
Бұл шаралар бірінші кезекте тұрғындардың жүріс-тұрысына қолжетімді бағада қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы, игі бастамалар бұл жетістіктермен шектеліп қалмай, алдағы уақытта басқа да шалғай жатқан елді мекендерге қоғамдық көліктерді жүргізу шаралары жүзеге асырылады.