Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мыңдаған еуро ақша алған»: Жәнібекті шетелге сатып жіберген әйел белгілі болды

0 868

Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан «1001 түн» бағдарламасында сонау Испаниядан өзінің туған анасын іздеп келген Жәнібекті кезінде шетел асырып жібергендердің ісіне қынжылыс білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Мен өткен сұхбатымда да айттым. Әйел адам Жәнібек үшін деп бельгиялық азаматшадан өте үлкен мыңдаған еуро көлемінде ақша алған. Келісіммен кәдімгідей қолынан санап тұрып алған. Оның әйел адам екенін, оның сол кезде жас келіншек болғанын, оның отбасы барын, қазір жасы нешеде және қай жерде жұмыс істейтінін бәрін білемін. Қазір полиция ол кісімен де айналысып жатыр. Біз ана дейміз-дағы, оларға сөз арнаймыз. Ал баламыздың шетел асуына, заңсыз түрде кетуіне тағы да аналардың себі тиіп отыр. Қазір Арқалық перзентханасында сол кезде жұмыс істегендер қазір де қызмет етіп жатыр. Тіпті зейнеткерлікке шықса да әлі сол кәсіби жұмыстарымен айналысып жүр. Олардың барлығы «сонша жыл өтті, бізден не сұрайсың, тезірек кетіңдерші», дегендей оймен шығарып салды. Бірақ заң бар және сол кезде қылмыс жасалған болса, оған жауап берілу керек», – деді ол.

Тележүргізуші бұл жайттың бес-алты адамның қатысуымен жасалған дүние екенін жеткізді.

«Біз бір ғана Жәнібектің тағдырын айтып отырмыз. Бұл бала егер, бізден кеткенде Еуропада керемет отбасыға түсіп, әкесі бар, шешесі бар, солардың махаббатына бөленген, солардың мейіріміне сусындаған, қандай ойыншықпен ойнаймын, қандай білім алғым келеді деген секілді өссе, арманы жоқ қой деп айтушы едік. Бірақ олай болмай шықты ғой. Бұл баланы о баста кімге берген, жалғызілікті, депрессияға жиі ұшырайтын әйелге берген. Жәнібекті тағдырлы бала деп айтатыным сол. Бұл бала бізден кетті, екі жылдан соң тағы балалар интернатына түсті. Сондықтан ғой айтып отырғаным, аналар сүйе де алады, құша да алады. Бірақ ақша үшін, басқа үшін баланы шекара асырып та жібере алады. Осының бәрін жасайтын әйел…», – дейді Қымбат Досжан.

sadaqmedia.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.