Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қыздар сұлу көрінер қылығымен

0 325

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №6 кітапханасында «Сырғалым» клубы мүшелерімен қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты кездесу кеші өтті.

Шараға қаламыздағы «Ақ келін» өнімдерін өндіруші Мөлдір Абдрахманова, «Брилиант» салонының шаш әрлеушісі Әсел Асылбаева, Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығының уақытша бос жүрген жастар және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Марал Хантөреқызы және психолог маманы Нұрай Үсенқызы, этнодизайнер, тігінші Жансая Асқанбекқызы қатысып, қыздардың бойынан ақылдылық, білімділік, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және іскерлік қасиеттер табылуы керектігі туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сонымен бірге кеш қонақтары өз кәсіптері туралы, жеткен жетістіктері жайлы да айтып, шеберлік сағатын өткізді.
Клуб мүшелері өздері оқыған жазушылардың кітаптарындағы сұлулықтың, даналықтың, кемел ақылдың үлгісі болған әйел-аналар бейнесі туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ тіршіліктің толып жатқан қыр-сырларын ұлы тұлғалар өнегесі арқылы танып-білуге, түсінуге ықпал ететін әдебиеттер қойылған «Қазақ әдебиетіндегі қыз болмысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Әсел Қайратқызының «Қыз өссе – елдің көркі» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды.

Айгерім Бекпатшаева,
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі
№6 кітапхананың меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.