Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Жас Әл-Фараби» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясы өтті. Ғылыми жобалар байқауында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары “Smart Trash Bin” жобасын ұсынып, жүлделі болды.
Smart Trash Bin – Жасанды Интеллект негізінде қалдықтарды сұрыптау мен бақылаудың автономды жүйесін қолдану арқылы қаладағы қоқыстың дұрыс өңделуіне және сервистік сала мамандарының жұмысының тиімділігін арттыруына әсер ету. Қоқыс салынған кезде жасанды интеллект оны анықтап, керекті бөлімшеге лақтырады, толған контейнерлер туралы ультра дыбыстық датчик ақпарат беріп, ұтымды маршрут құрып беретін жүйе болып табылады.
Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді.
Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев Е.Ө
Жеңісті жобалар жалғасын табуда.