Қалалық қоғамдық-саяси газет

ХТИИ – табысты болашақ кепілі

0 341

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағдарының бір қағидаты – адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту және жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алатындығы жайлы айтылған болатын.

Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары аясында өз қызметін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыру бағытында жүргізу, алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыс орнатып, креативті ойлай білетін жаңа буын мамандарын даярлау мақсатында білім ордамыз өзінің жаңа статусын белгіледі. Білім беру қызметіне сәйкес, №10100480943552 мемлекеттік тіркеу куәлігі мен №KZ11LAA00023380 лицензиясын иеленіп, жұмысын сәтті жалғастыруда.
Институттың рухани орта-лықтарының бірі – Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Шерхан Мұртаза атындағы «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы. Мұнда студент жастар Шерхан Мұртаза шығармашылығымен танысып, орталық қызметкерлерімен ой бөлісе алады. «Шерхантану» орталығының негізгі мақсаты – Шерхан Мұртазаның рухани мұрасын зерттеп, насихаттау және сол мұра арқылы жастарға тәлім-тәрбие беру.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инно-вациялық институтында ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өзекті білімдік бағдарламалар мен оқу жоспарлары әзірленген. Дайындалатын білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары аймақтағы жұмыс берушілермен келісе отырып жасалады.
Институтта Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Жапония, Қытай, Малайзия, Латвия, Оңтүстік Корея, Чехия және Түркия сынды елдердің алдыңғы қатарлы 30-дан аса жоғары оқу орындарымен білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар арасында академия-лық тәжірибе алмасу мақсатында тығыз әріптестік байланыстар орнатылған.
Институттың бір ерекшелі-гі – ақылы негізде оқитын түрлі әлеуметтік санаттардағы және оқу, ғылым, спорт пен өнер салаларында жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге қаржылай қолдау көрсету. Жамбыл облысы ауыл жастарының тегін білім алуына арналған «ХТИИ-дің 100 гранты» әлеуметтік жобасы іске асуда. Студенттерге ректор гранты, төлемақы бойынша 20-100% аралығында жеңілдіктер қарастырылған.
Бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда институттың «Заң» факультеті қажырлы еңбек етуде. «Заң» факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды: 6В04201-Құқықтану, 6В04203-Қылмыстық құқық және процесс, 6В04202-Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер – бакалавр және магистратура, 7М04201-Құқықтану – «Заң ғылымдарының магистрі», «Құқық магистрі» мамандарын дайындайды. 6В04201-«Құқықтану» мамандығының және магистратура, 7М04201-Құқықтану «Заң ғылымдарының магистрі» білім беру бағдарламасы университет миссиясына сәйкес жасалған. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Заманауи талаптарды ескере отырып, ол өзінің кәсіби қызметінде болашақ көшбасшыларды тәрбиелейді.
«Азаматтық және қылмыс-тық құқық» кафедрасы жүргізетін пәндерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, «Заң» факультетіндегі материалдық-техникалық базасы едәуір жетілген кафедра болып табылады. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін кафедраға қарасты криминалистік зертхана жұмыс жасауда. Бұл зертхана «тұрғын бөлмемен», оқу полигонымен жабдықталған. Оқу полигонының «тұрғын бөлмесі» қылмыс жасалған орын модельденген және тануды өткізуге арналған көру айнасымен жабдықталған. Онда студенттер криминалистикалық тактика әдістерін жүзеге асыруды және хаттамалар толтыруды үйренеді. Криминалист чемоданы мен тергеуші чемоданы заттық дәлелдерді алу, саусақ іздерін түсіру, іздерді көшірмелеу үшін қолданылады.
Оқыту сапасын жоғары-лату мақсатында полигон «LG» теледидарларымен, «Криминалистика» пәні бойынша қажетті материалдарды көру үшін бейнетаспалармен, «Фоторобот» бағдарламасы енгізілген мониторлармен жабдықталған. Сот залы студенттердің білімдерін тәжирибемен ұштастыруға септігін тигізуде. Сот залы риторика негіздерін, соттық ораторлық шеберлікті, конфликтологияны, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізуді, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізуді меңгеру үшін жасалған. Қазіргі заманауи талапқа сай жабдықтармен толық жабдықталған оқу сот залында шынайы жағдайға жақын жағдайлар жасау мақсатында жүйелі түрде оқу сот процестері өткізіледі, сонымен қатар осы арнайы жабдықталған аудиторияларда студенттер өзіндік жұмыстары мен зертханалық жұмыстарын жүргізе алады.
«Заң» факультеті халықаралық ынтымақтастық аясында 2021 оқу жылында Еуроодақтың оннан астам жоғары оқу орындарының мүддесін білдіретін Еуропада оқыту форумымен шартқа отырған. Шарт аясында студенттердің академиялық ұтқырлығы, ПОҚ академиялық ұтқырлығы, халықаралық кәсіби біліктілікті арттыру туралы мәселелер шешілуде.
Халықаралық Тараз инновациялық институты – бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда бағыт-бағдарын айқындаған, өзіне сенімді, түлектеріне табысты болашақты қамтамасыз ете алатын заманауи білім ордасы!

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Заң» факультетінің ұжымы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.