Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тілім менің – тірегім

0 460

«Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әр халықтың ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесіне, рухани және материалдық құндылықтарына баға беруге болады. Яғни тіл дегеніміз – әр адамның жаны, тәні, бар болмыс- бітімі.

Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген, жайдары да жалпақ тіл. Қазақ даласының қоңыр желіндей аңқылдап есіп, мақамы домбыраның күмбірлі сазындай, әуезділігі шырқап салар әсем әндей еседі. Осы ана тіліміздің қадір-қасиетін бағалай отырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа қаймағы бұзылмаған саф таза күйінде жеткізу – баршамыздың парызымыз.
Осы мақсатта Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нде, 21 ақпан – Халық-аралық ана тілі күніне орай, тәрбиеленуші балалармен «Тілім менің – тірегім» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік Әнұранмен басталып, тәрбиеленуші балалар тіл туралы тақпақтар мен ән айтып, би биледі.
Шара соңы қызықты ойындар ойнаумен аяқталды.

Роза Искакова,
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының әдіскері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.