Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһар аумағы 30 542 гектарды ұлғаяды

0 371

Тараз қаласының дамуын заманауи жоспарлау, тұрғындарға қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдарды тиімді салу мақсатында жаңа бас жоспар әзірленіп, бекітілді. Қазіргі уақытта қала аумағы 18 787 гектарды құраса, жаңа бас жоспарда аумағы 30 542 гектарға ұлғаяды.

Қала аумағы кеңейгеннен кейін тұрғындар саны да артатыны – қалыпты құбылыс. Бүгінгі күні қаланың халық саны 431 мыңға жуықтаса, жаңа бас жоспарға сай шаһар маңындағы Жамбыл және Байзақ аудандарынан 46 500 адам тұратын аумағы 11 755 гектарды құрайтын 14 елді мекеннің қосылуы көзделіп отыр. Бұл жағдайда қаланың халық саны 477 мыңнан асады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.