Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру – маңызды науқан

0 150

Ербол УТЕБАЕВ,
Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 31-баптарына және ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпан айындағы мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы №443 Жарлығына сәйкес, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап 30 маусымына дейін көктемгі мерзімді әскери қызмет қатарына шақырылушылардың дәрігерлік сараптамадан өткізу комиссиясы және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты 18-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушы ер азаматтар Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына медициналық тексеруден өту үшін уақытылы келуі қажет. Уақытылы келмеген жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабы бойынша және 2014 жылғы 3 шілдедегі №226 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 647, 648, 649-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сонымен бірге «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ішінде:
– оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға;
– некеде тұрған бір немесе одан да көп баласы бар азаматтарға;
– денсаулық жағдайы бойынша азаматтарға;
– тиісті білімі бар, мамандығы бойынша жұмыс істейтін дәрігер, кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға;
– әскери шақырылушының отбасы жағдайы бойынша және т.б. көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге «Электрондық үкімет» web-порталы немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭЦҚ куәландыру арқылы құжаттарды ұсына отырып, өтініш бере алады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алуға болады.
ҚР Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар қатаң жүргізіледі. Әскери қызметке жарамды азаматтарға әскерге шақыру кезеңінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз. Сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар туралы» Заңының 15-тарауындағы 366-бап – «Пара алу», 367-бап – «Пара беру», 368-бап – «Парақорлыққа делдал болу» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабы – «Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беру» бойынша әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.