Қалалық қоғамдық-саяси газет

Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті

0 693

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Тараз қалалық пробация қызметі орталықтың «Coworking» залында пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесуге Тараз қалалық 1 ПҚ бөлім бастығы, әділет майоры Айбек Ниязымбетов және Мансап орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеу, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсету мен өзге де көмек түрлерін ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Кездесуде пробациялық есептегі азаматтарды қадағалай отырып, қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында оларға қолдау көрсету және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.