Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тина Канделаки брендінің қазақстандық сайты ашылмай қалды

0 458

Ресейлік журналист Тина Канделакидің косметикалық бренді елдегі дүкен сөрелерінен жоғала бастады. Ansaligy брендінің қазақстандық сайты да ашылмай тұр.

Қаңтар айында Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқанын айтып, дау тудырған еді. Кейінірек ҚР Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакидің ел аумағына кіргізілмейтінін атаған болатын.

Жақында Ansaligy брендінің тауарлары елдегі «Золтое яблоко», «Beautymania», «Mon amie» секілді ірі косметикалық дүкен сайттарынан жоғала бастады. Бренд тауарлары Ozon, Wildberries, Kaspi маркетплейстерінде ашық қолжетімді.

Сондай-ақ Ansaligy брендінің Ресей, Армения елдеріне арналған ресми сайттары жұмыс істеп тұр, ал Қазақстан, Өзбекстан сайттары уақытша қолжетімсіз.

el.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.