Қалалық қоғамдық-саяси газет

45 градусқа дейін аяз: Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

0 338

Қазгидромет 19 ақпанға Қазақстанда дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер ел аумағында қатты аяз болып, жел соғатынын болжады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел 23-28 м/с күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С-қа дейін өте қатты аяз болып, қар жауады. Жел 15-18 м/с күшейеді.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -35-39°С қатты аяз сақталады.

Қызылорда облысында екпіні 23 м/с болатын жел болады. Қызылордада жел 15-20 м/с күшейеді.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Таулы аймақтарда қар жауады. Жел 23-28 м/с күшейеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады. Түркістанда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Абай облысының орталығында, оңтүстік-батыста, шығыста бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

sn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.