«Тағы да біраз жүре тұрамын ба деп ойлаймын»: Жүрсін Ерман мүшел жасында басынан өткен қиыншылықтары туралы айтты
12 ақпан ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның туған күні. Ол «Tansholpan» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасына берген сұхбатында мүшел жасқа толғанда басынан өткен оқиғаларын айтты.
Ақынның айтуынша, мүшел жасқа толған әр жылы өмірінде маңызды бір оқиға болған.
«73 жасқа толдым, қазақтың мүшел жас деген ырымы бар ғой. Мүшел деген қай уақытта болсын оқиғаға толы болады. 13 жасымда не болғаны есімде жоқ, бірақ 25 мүшелімде бір қойшының үйінде құтырған ит қапты, 37 мүшелімде қолымды сындырып алдым, 49 мүшелімде шешемді алып кетті, 61 мүшелімде жүрек, бүйрек, бауыр дегендей ауру айналдыра бастады. Осыдан аман-есен шықсам, тағы да біраз жүре тұрамын ба деп ойлаймын», – дейді ол.