Қалалық қоғамдық-саяси газет

Антикор Президенттік кадр резервінің түлегін ұстады

0 644

Телеграм арналар Антикор Халықаралық жасыл технологиялар орталығының басшысы Олжас Ағабековты ұстағанын хабарлады.

Ол Қазақстанның Дубайдағы павильонға бөлінген 270 миллион теңге қаржысын жымқырды деген күдікке ілінуде.

Әзірше орталық басшысының нақты қай павильонның ақшасы қолды болғаны жайында ақпарат жоқ.

Өткен аптада Антикор Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметкерлері мен вице-министр Мансұр Ошурбаев қатысты тергеуді бастаған болатын.

Жемқорлыққа қарасы агенттік Дубайда өткен климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияға бөлген қаржы талан-таражға салынғанын алға тартқан-ды.

Олжас Ағабеков президенттік кадрлық резервтің мүшесі. Ұзақ жылдар Энергетика министрлігінде, кейін Экология және табиғи ресурстар министрлігінде қызмет еткен.

Ол жемқорлыққа шатылған президенттік кадрлық резервтің алғаш түлегі ретінде тарихта қалайын деп тұр.

dalanews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.