Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда тау бөктері жылжып, тұрғын үйлерді басып қалды

0 371

Алматыда тау бөктері жылжып, топырақ тұрғын үйді басып қалды. Жер үйдің ішінде төрт адам басылып қалған деген болжам бар. Құтқарушылардың мәліметінше, үйінді астында қалғандардың екеуі ересек, екеуі бала. Барлығы – бір отбасының адамдары.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Алматы қаласында 8 ақпанда сағат 02:20-да Медеу ауданында «Тау-Самал» шағынауданында топырақ көшкіні болды. Алдын ала ақпарат бойынша, техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты жылжыма түскен.

Оқиға орнына дереу «Қазселденқорғаудың», Алматы қалалық «109» құтқару қызметінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Екі үйге зақым келгені анықталды.

«Техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан, көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түсті.  Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған», – делінген ТЖД хабарламасында.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.

Оқиға орнына ТЖД басшылығы жетті. ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тексеру жүргізіп жатыр.

Талдауға сәйкес, қардың едәуір мөлшерінің түсуіне байланысты орта таулы және биік таулы аймақтарда тау беткейлеріндегі қар тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні қаупі бар. Алматы қаласында жылжыма түскен орында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

«Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатуда. Ақпарат толықтырылатын болады. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

qaz365.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.