Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген және осы бұйрыққа Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 ж. №104 бұйрығымен өзгерістер енгізілген қағидасына сәйкес, төмендегідей спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
«2 және 3 разрядтар, 1, 2 және 3 жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегi 2 санатты жаттықтырушысы, біліктілігі жоғары деңгейдегi 2 санатты нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі 2 санаттағы әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» қызметтерін Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз түрінде 5 жыл мерзімді спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді немесе мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік15 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық ақпа-рат Тараз қаласының интернет-ресурстарында www.taraz-gov.kz орналасқан.
Оксана Борисюк,
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы