Қалалық қоғамдық-саяси газет

Былтыр Таразда 15 спорт нысаны салынды

0 1  317

Балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

– Бұқаралық спортты дамыту пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан еді. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында Тараз қаласында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Айталық, 2023 жылы облыс орталығында мемлекеттік бюджет және жеке қаражат есебінен 15 жаңа спорт нысаны салынды. Оның ішінде 1 спорт залы («KHAN FITNESS» жаттығу залы), 6 кіші футбол, 4 баскетбол, 3 стрит воркаут, 1 әмбебап спорт алаңшасы бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.