Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

0 836

Ағымдағы жылғы 22-25 қаңтар аралығында Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында халықаралық іздеуде жүрген Тараз қаласының тұрғыны 33 жастағы «Р» есімді күдікті тұлға ұсталды. Ұсталған азамат Тараз станциясндағы Желілік полиция бөлімінің өндірісіндегі 2023 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексінің 190-бабы 2-бөлігімен қозғалған алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық әрекетімен күдікке ілінген. 2024 жылдың 23 қаңтар күні күдікті тұлға Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, ұсталған тұлғаға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.