Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меркі ауданы Ақ жол ауылында жаңа мектеп ашылды

0 567

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақ жол ауылында 80 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұған дейін 1931 жылы іргесі қаланған ескі ғимаратта біліп алып келген ауылдық оқушылар енді жаңа нысанда бір ауысымды оқитын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және беделін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді.
Бүгінде облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер салынып, апатты, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі рет-ретімен шешімін табуда.
Оның бір көрінісі – Меркі ауданы Ақ жол ауылында бой көтерген жаңа оқу ордасы.
Мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 452 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары жоба бойынша, өткен жылдың мамыр айында басталып, өз мерзімінде аяқталып отыр. Құрылысты мердігер мекеме – «ТемирСтрой Сервис и Ко» ЖШС жүргізген.
Мектеп 17 оқу кабинеті, зертхана, шеберхана кабинеттерімен, асхана, кітапхана, лингафон кабинеті, мәжіліс және спорт залдарымен қамтылған. Жылу жүйесі газбен жабдықталған.
Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 5 мектеп пен 1 мектепке жапсарлас құрылыс пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 17 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің 7-нің құрылысы басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.