Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азаматтық сектор – қоғамның қозғаушы күші

0 604

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті.
Жиында алғашқы болып сөз алған шаһар басшысы үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды.
– Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың іскерлік және сапалық деңгейі жаңа белеске көтеріліп, қоғам үшін аса маңызды және іргелі салаға айналды. Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді әріптесі болып отыр. Мемлекет тарапынан азаматтық қоғам институты мен өзара байланысты нығайту, оларға қолдау көрсету, қызметін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда, – деген Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының үш жылдық Даму жоспарында азаматтық қоғам институтына қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жоба саны мен қаражатын ұлғайту көзделгенін жеткізді.

Бұдан кейін Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева азаматтық қоғам инстутын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
– Тараз қаласы бойынша 514 коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) тіркелген. Олардың 361-і қоғамдық бірлестіктер, 125-і қоғамдық қорлар, 28-і заңды тұлғалар бірлестіктері. Үкіметтік емес ұйымдар қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне араласып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде қордаланған түрлі мәселелерді шешуде белсенділік танытып келеді.
Қала әкімдігінің бірнеше комиссиялары мен Кеңестерінің құрамына үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері енгізілген. Олар өз мүмкіндіктерін пайдаланып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешіп, атқарушы органға әріптес болып, оң ықпалдарын тигізуде, – деді Гүлназ Есенғалиқызы.

Келесі кезекте үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында қала әкімі бірқатар ұйым жетекшілеріне арнайы Алғыс хат пен Құрмет грамотасын табыс етті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.