Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі еңбек ардагерлерін марапаттады

0 815

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық және қалалық ардагерлер ұйымының бірқатар белсенділеріне марапаттар табыс етті.

Өңір басшысы саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына және өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық дәстүрлерді құрметтеу жолында аянбай еңбек еткен аға буын өкілдеріне алғысын білдірді.

Кездесу барысында ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен олардың кәсіби дағдылары жөнінде жан-жақты әңгіме болды.

Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Сағынхан Әміреқұлов аға буынның өңірдің экономикалық, қоғамдық, мәдени және рухани өміріне белсенді түрде атсалысатынын атап өтті.

Бұл күні облыстық ардагерлері кеңесі жанынан құрылған билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал, «Әулие-Ата-Демеу» корпоративтік қорының директоры Бәтес Егембердиеваға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілсе, еңбек ардагерлері Сланбек Алдабергенов пен Михаил Епинин Алғыс хатқа ие болды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.