Қалалық қоғамдық-саяси газет

Инвесторлар Жамбылда су үнемдейтін технологиялар өндірісін дамытуды жоспарлауда

0 389

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Atlantis» компаниясының басқарма төрағасы Гюрсель Аралмен кездесіп, су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жобаларымен танысты.

Түркиялық компания басшысы тамшылатып суару технологияларын дамытуға бағытталған жобаларын Жамбыл облысында жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Кездесуде Ербол Қарашөкеев өңірді суармалы сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Қазіргі таңда облыста бұл жұмыстар бойынша бірнеше бағыт белгіленген. Олар — жер асты су ресурстарын тиімді пайдалану, каналдарды қайта жаңғырту және жөндеу, су қоймаларын салу, ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру және су үнемдейтін технологияларды енгізу.

– Жамбыл облысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда стратегиялық рөл атқарады. Қант қызылшасын өсіруге ерекше назар аударылуда. Еліміздегі пияздың 80 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі. Алға қойған міндеттерді одан әрі табысты орындау үшін тамшылатып суару технологиясын белсенді түрде енгізу маңызды, – деді облыс әкімі.

Өзара тиімді ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін ескере отырып, тараптар өзара ынтымақтастық тарын нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.