Қалалық қоғамдық-саяси газет

Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі

0 512

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді жұмысты жалғастыру керек. Жауапты агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңге біздің іс-қимылымыз бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге енгізуі тиіс», – деген болатын.

Кеше халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі» атты форум өтті.
Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бойынша бірінші орынбасары Дәурен Омаров салада атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыртқы талдау механизмдерін кеңінен қолдану арқылы сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен шарттарын анықтау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Айталық превентивтік іс-шаралардың нәтижесінде, 362,0 млн теңгеге заңсыз бюджет қаражатының жұмсалуы анықталып, бүгінде оның 115,0 млн теңгесі мемлекетке қайтарылған. Сондай-ақ заңсыз берілген 1100,0 гектарға жуық жер телімі, 11 қызметтік пәтер, 9 000 абонентті қамтамасыз етіп отырған 12 су құбыры мемлекетке қайтарылған. Бұдан бөлек, «Бизнеске жол» жобасы аясында департаментпен өңірдің 347 кәсіпкерінің құқықтары қорғалған. шешілген кейстердің нәтижелері бойынша бизнеске кедергі келтіретін 6 жүйелі жемқорлық тәуекелдері жойылған.
Форум соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға елеулі үлес қосқан қоғам белсенділері мен бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды. Солардың қатарында «Jambyl Taraz» қоғамдық-саяси газеті де бар екенін зор мақтанышпен айта кеткеніміз абзал.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.