Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тараздағы НЗМ-де қонақта болды

0 346

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл” халықаралық науқаны аясындағы сапарымен Тараздағы НЗМ-де қонақта болды. Алдымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің құндылықтарымен танысып, мектеп ішінде экскурсиямен жалғасты.Науқан аясында мектепішілік халықаралық байқауға қатысқан оқушылар өз кезегінде эссе, дебатта көтерілген тақырыпқа қысқаша шолу және де суреттерімен таныстырды. Әлем көтерген өзекті мәселе бүгінде өршіп тұр.
Елші Қазақстанның көне қаласы – Таразға жасаған алғашқы сапарына таңданысын білдірді. Сонымен қатар Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелерін аралап, өлкеміздің бай тарихына үңілді. Алған әсерінің керемет екендігін айтты. .
Сондай-ақ елші зорлық-зомбылық әр елде әр түрлі формада болатынын атап өтті. Бұл құбылыспен әлемдік ауқымда күресу үшін күш біріктірудің маңыздылығына баса назар аударды.
Өкілетті елші өз сөзінде, мектепке келу мақсатын, ауқымды тақырыптағы өзіндік кеңестерімен бөлісіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары мен қарсы тұруға шақырды. Ямада мырза тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін адамдарға құрметінің зор екендігін білдірді.Кездесу «Даналық бейсенбі» жобасымен және «Әлем зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы» тақырып аясында кураторлық сағатпен жалғасын тапты.
Байқауға қатысқан оқушыларды арнайы елшіміз Ямада Джун өзі мараппатады. Оқушылардың ең ауқымды тақырыпта өз үлестерін қосқаны үшін, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың адам өміріндегі алатын маңызы өте ауыр екенін талқыға салып, белсене ат салысқандарына, осы тақырып аясында үнсіз қалмай, өз үлестерін қосқанына, оқушының ойлау қабілеттілігі осыншалықты жоғары деңгейде болғанына өз ризашылығын білдірді. Мектеп құндылықтары мен оқушылардың ізеттілігіне елшіміз басын иді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.