Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақ әдебиетінің қызыл жолбарысына құрмет

0 358

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» КММ-нің «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен ақын, жыршы Жамбыл Жапаұлының ескерткіші орнатылғанына 60 жыл толуына орай «Жамбыл ақын мен мүсінші Хакімжан Наурызбаев» атты ақпараттық-танымдық сағаты өтті.

Балалар мен жасөспірімдерді және білімгер жастарды жыр алыбы Жамбыл Жапаұлы мен жыраудың қайталанбас мүсінін жасаған Хакімжан Наурызбаевтың шығармашылығымен таныстыру мақсатында өткен кеште алғашқы сөзді Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы Жамбыл ақының мүсіні дүниеге қалай келгенін айтып, Қостанай өңірінде саз балшықтан адамдар мен жан-жануарлардың бейнелерін жасап жүрген баланы сол тұстағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов Алматыға алып келгенін, оның Ленинград, Харьков қалаларында оқып, білім алғанын, Жамбыл ескерткішімен дипломдық жұмысын қорғағанын айтса Жамбыл облыстық ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Дәурембеков Жамбыл бабаның ескерткішінің жөндеуден өтіп, облыстық әкімшіліктің алдына қайта орналастырылған кездегі қиындықар жөнінде әңгімеледі.

Осыдан кейін зиялы қауым өкілдері шаһар төріндегі Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағызым жасады.

Ақмарал Ілебаева,

«Жамбылтану» бөлімінің әдіскері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.