Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектеп қауіпсіздігі – маңызды мәселе

0 1  545

Білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, бүгінге облыстың барлық мемлекеттік білім беру нысандары бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Екінші және үшінші санаттағы барлық білім беру мекемелері дабыл түймесімен қамтамасыз етілген, олардың 92,5 пайызы жедел басқару орталығымен біріктірілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Сондай-ақ облыс орталығында орналасқан, білім алушылар мен қызметкерлер саны 700 адамнан асатын барлық оқу орындары мамандандырылған күзетпен қамтылған. Олардың 84,8 пайызы кіруді бақылау басқару жүйесімен жабдықталған.

– Оқу үздіктері мен түрлі конкурстардың жеңімпаздары үшін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылды. Соңғы үш жылда облыс республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға, ҰБТ көрсеткіштеріне қатысу қорытындылары бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Мәселен, облыс оқушылары қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиадада командалық І орынға ие болды. 14-ші жыл  қатарынан облыс оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында «Үздік команда» атағына ие болды. 2023 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа 84,4 балды құрады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 11,4 балға жоғары, – деді облыс әкімі жиында сөйлеген сөзінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.