Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерікті түрде қоныс аударушыларға қолдау көп

0 524

Бүгінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына барлық жағдай жасалуда.

Айталық, жұмыс күші тапшы өңірлерге ағымдағы жылы Тараз қаласынан 60 отбасы, 177 адам қоныс аударды. Оның ішінде Павлодар облысына – 22 отбасы, 58 адам, Қостанай облысына – 11отбасы, 36 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 21 отбасы, 58 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 2 отбасы, 9 адам, Ұлытау облысына – 1 отбасы 7 адам, Абай облысына 3 отбасы 9 адам көшіп барды. Қоныс аударушы отбасылар толығымен қабылдаушы облыстың өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған.
ҚР азаматтары, қандастар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша ұлттық жобаға қатыса алады.
Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды:
1. Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш (241 500 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.
2. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі:
Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (69 000 теңге).
– отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болса жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (86 250 теңге);
– бес және одан көп отбасы мүшелерінің саны кезінде отыз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (103 500 теңге);
Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адамға он бес айлық көрсеткіш мөлшерінде (51 750 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде он сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (62 100 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде жиырма бір еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (72 450 теңге).
3. Экономикалық ұтқырлық сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін ақшалай төлем ретіндегі материалдық көмек. Қоныс аударушыға экономиқалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үйді сатып алуға немесе алғашқы жарна ретінде пайдалануға тұрғын үй құнының 50 пайызын, алайда 4 млн теңгеден аспайтын сомада ұсынылады.
4. Бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету: жұмысқа орналастыру, оқыту және микрокредит беру.

Тараз қалалық Мансап орталығының
ізденушілермен жұмыс істеу бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.